Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай жөнелді.
"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын,жоғарылай беріңіз!!!" деп жазып жатыр Желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз