- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісін қараған...
Бишімбаев ісін қараған судья қоқан-лоққыларға байланысты әлі де күзеттің қорғауында жүр
Фото:
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева әлі күзеттің қорғауында жүр. Бұл туралы бүгін соттан кейінгі брифинг кезінде белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана сотында өткен брифингіде БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімованың айтуынша, қоқан-лоққыларға қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Біздің ақпаратымыз бойынша, судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, әзірше қандай да бір шешім қабылданғаны туралы ақпарат жоқ. Судьяны күзетшілер қорғауында", - деп түсіндірді Есімова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан