Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта айыпталушы Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түн туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, екеуінің арасында дәретханада жанжал күшейе түскен.
"Ол маған қарама-қарсы отырды. Менің көзімше неке жүзігін, сағатын, білезіктерін шеше бастады да, дәретханаға лақтырып тастады. Бәрін шын жүрекпен сыйлағанмын. Мен таңғалдым, сөйлей алмай қалдым. Не істерімді білмедім. "Ішетін бірдеңе әкелейін" деп дәретханадан шықтым. "Иә, алып кел" деді", - деді ол.
Бишімбаевтың айтуынша, келген кезде есік жабық екенін көрген.
"...Салтанат есікті іштен жауып алған, соққының дауыстары естіліп жатты. Мен есікті қаға бастадым. "Салта, Салта, аш" дедім. Ол естімеген болуы керек. Мен есікті соға бастадым. Ол жүгіріп келіп, есікті қағып жатқанымды естіп, мені балағаттай бастады. "Сен мені осындай күйге жеткіздің" деді. Мен түсінбедім. Мен штативті алып, есікті ұра бастадым. Содан кейін есікте тесік пайда болды, кейін есікті іштен ашты. Ол мені балағаттай бастады, мен де оны боқтадым. Сөйтіп, жанжал басталды, ол менің көйлегімді жыртып жіберді, мен оны ұстап, қабырғаға итеріп жібердім. "Сабыр сақта" дедім. Ол маған қайта келе жатқанда, мен де оның жейдесін жыртып жібердім. Ол ашуланды. Жейдесін шешіп тастады. Оның үстіндегі киімнің бәрі 8-і күні түс кезінде концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болды. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен арқасынан ұстап алдым", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!