- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісі секілді...
Бишімбаев ісі секілді даулы соттар тікелей эфирде көрсетіле ме? Министрлік жауап берді
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қандай жағдайда сот отырыстары тікелей эфирде көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның ресми өкіліне "кейінгі тәжірибеге сүйенсек, тікелей эфирлер қоғам тарапынан оң бағасын алды. Бұл тәжірибе жалғаса ма?" деген сұрақ қойылды.
Талғат Уәлидің сөзінше, ол үшін екі тараптың келісімі керек.
"Тараптардың мүдделері ескеріледі, егер тараптар трансляцияға рұқсат берсе, осы жағдайда ғана судья тікелей эфирде көрсетуге немесе БАҚ-ты кіргізуге құқылы. Бұл тәжірибе шетелде кеңінен қолданылады. Елімізде кейінгі уақытта Алматыдағы автобус апаты және Қуандық Бишімбаев ісі интернет-ресурстар арқылы көрсетілді. Егер тараптар қарсы болмаса, бұл тәжірибе дұрыс деп есептеймін", - деді Уәли министрлікте өткен брифингте.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Ордабаев