Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында қорғаушы тарап төрағалық етуші судья Айжан Құлбаеваға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қарсылық білдіруді сол соттың судьясы С.Тасымбетов алқабилер мен судья Құлбаеваның қатысуынсыз қарады.
Қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша соттың қаулысымен қорғаушы тарап берген судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырылмады.
Істі қарау қайта жалғасты.
Бұл қаулы шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!