Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру дерегі бойынша "Гастро-орталық" директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы 12 қарашада Астана полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша әйелді өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Қазір тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайы және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шараларды орындап жатыр.
"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.
Бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.
Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.
Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!