Әлеуметтік желіде әйелге шабуыл жасалған видео таралды. Жәбірленушінің Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеуші екені айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Полиция таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Жәбірленушін әрекетінің бұл тергеуге қатысы жоқ. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін қылмыстық іс заңдылығын тексеріп, сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданған. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - деп атап өтті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!