- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісі бойынша...
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша келесіні хабарлайды.
Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.
Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.
Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жоғарғы сот Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескерттті.
Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина