Бишімбаев ісі бойынша прокурорлар марапаттарға ие болды

Бишімбаев ісі бойынша прокурорлар марапаттарға ие болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай марапаттарға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, Бас прокурордың ұсынысы бойынша Президент Жарлығымен Аймағанова мен Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталған.

Айта кетейік, "Ерен еңбегі үшін" медалі азаматтарға экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жетістіктері үшін беріледі.

Еске салайық, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова