Экс-министр Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова әлеуметтік желілерде оның фейк аккаунттары ашыла бастаған соң Қазақстан халқына үндеу жолдады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
"Қайырлы күн! Мен, Айжан Аймағанова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісімін. Қазіргі уақытта қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдаймын. Әлеуметтік желілерде фейк аккаунттар ашылып жатқанына байланысты мен Instagram желісіндегі zhakiti атты жеке аккаунтымды көпшілікке жария етуді шештім. Бұған дейін ештеңе жарияламаған едім, бірақ мүмкіндігінше ашық әрі пайдалы болуға тырысамын", - деді ол.
Бұған дейін қазақстандықтар @aijan.aimaganova парақшасына 17 мың қолданушы Instagram аккаунтына 24 сағаттан аз уақыт ішінде жазылып үлгерген еді. Tengri Life тілшісі парақшаның Айжан Аймағановаға тиесілі емес екенін және жалған екенін анықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!