Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті.
Процесс ашық режимде өтті.
Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.
Келесі сот отырысы 2024 жылғы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.
Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.
"Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамдыайтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлер жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын", - дейді Бишімбаев сотта.
Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өіліміне қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді.
"Мен видеоларды өшіруді сұрағанымды, Салтанаттың телефонын үйге апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Сол кезде Салтанаттың өлім аузында жатқанын не өліп кеткенін білмедім", - дейді Бақытжан Байжанов сотта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!