Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте алаяқтық әрекеті және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған М.Грачеваға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін алқабилер кесімімен Л.Грачева А.Нұрлыбекованың ұлы - сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін көмектесе аламын деген сылтаумен оны апелляциялық сатыдағы судьяларға аса ірі мөлшерде 100 миллион теңге сомасында пара беруге итермелегені және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.
Аталған кесіммен келіспей, ол апелляциялық шағым түсірді.
"Іс бойынша заңбұзушылықтар болмағандықтан, сот тергеуінің барлық сатылары, атап айтқанда, ҚПК-нің 650-бабына сәйкес айқындалған алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерiне сай заңның белгіленген нормаларына сәйкес жүргізілгендіктен апелляциялық сатыдағы сот айыптау үкімімен келісті", - деп хабарлады Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы.
Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚПК-нің 656-бабына сәйкес шешті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз