Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.
Істі судья Айжан Күлбаева қарайды.
Ғимаратта журналистер көп жиналған.
Сонымен қатар, қос тараптың өкілдері сот отырысына қатысу үшін келіп жатыр.
Олардың арасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың анасы бар.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!