Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев әріптестерін Бишімбаев ісіне қатысты жария талқылауды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Бұл туралы республикалық адвокаттар алқасының төрағасы өзінің жеке парақшасында жариялады.
"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды Айдын Бикебаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!