Апелляциялық инстанцияға сотталушы Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімге қатысты шағымды сотталушылардың қорғаушыларынан да түскен.
"Олар апелляциялық шағымдарында Б. Байжановты оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ. Бишімбаевқа қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекеттерін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұрады", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына келіп түсті.
Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз