Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айыптаудың мәні маған түсінікті. Мен кінәні мойындамаймын", - деді Бишімбаев бүгін сотта алдын-ала тыңдау барысында.
Сондай-ақ, Бишімбаев өзінің ісін БАҚ-тың қатысуымен алқабилер соты қараса деген өтініш білдірді.
Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары іс заңсыз қайта өзгертіліп, қылмыстық іс жүргізу кодексі бұзылған санайды.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз