Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай Қайырбековтің cөзінше, Қуандық Бишімбаев қазір түзеу мекемесінде басқа сотталғандармен тең жағдайда жазасын өтеп жатыр.
"Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талабына сәйкес басқа сотталғандармен бірдей және тең жағдайда жазасын өтеп жатыр", - деді ҚАЖК басшысы.
ІІМ өкілінің айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың жұмысқа орналасуы және еңбекақысы туралы сұрақ жеке дерекке жатады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова