Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев 29 сәуірде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотқа неге уақытында жеткізілмегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Себебі техникалық мәселе болды. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Ол аяқталғасын (тиісті ақпарат беріледі - еск.). (Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотқа уақытында жеткізілмеуіне - еск.) көлік себеп болған. Ол от алмауы, бұзылуы немесе дөңгелегінің желі шығып кетуі мүмкін", - деді Айдос Рысбаев Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, министрдің орынбасарына "Қуандық Бишімбаев өзіне қол салмақ болған деген ақпарат бар. Рас па?" деген сұрақ қойылды.
Бұл деректі ішкі істер министрінің орынбасары растамады.
"Мұндай ақпарат жоқ", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!