Биолог Александр Созыкин "Известия"-ға суға ерітіп ішетін кофенің қаупі жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ерігіш кофені екі негізгі әдіс бойынша жасайды: жоғары және төмен температуралық әдіс. Бірінші жағдайда - ұнтақ және түйіршіктелген кофе, ал екіншісінен сублимацияланған кофе шығады. Қай жағдай болмасын кофе өңдеудің арнайы кезеңдерінен өтеді: оларды қуырады немесе кептіреді. Нәтижесінде, ағзаның тотықтандырғыш күйзелісін төмендете алатын, бос радикалдармен күресетін, зат алмасуды жақсартатын, артериялық қысымды реттейтін, ағзаны тонуста ұстайтын күшті антиоксданттар - эфир майлары бөлінеді", - дейді маман.
Алайда оның айтуынша, көптеген өндірушілердің ерігіш кофесіне биохимиялық анализ жасау кезінде айтарлықтай кемшіліктер анықталған. Мұндай кофелерді жиі жарамсыз және сапасы ең арзан сұрыптардың түйіршіктерінен жасаған. Ерігіш кофенің теориялық пайдасы күмән тудырмайды, себебі оның құрамында алты органикалық қышқыл, В тобының дәрумендері, магний және кофеин бар деп айтылады. Бірақ шындығында оның құрамында пайдалы заттар өте аз.
"Көпшілік ерігіш кофені сергек жүру үшін ішеді. Оны "жедел жәрдем" деуге болады, себебі мұндай кофені дайындау үшін кофені ұнтақтаудың немесе туркада қайнатудың, яғни уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Бірақ ерігіш кофеде кофеин мөлшері өте аз. Оның құрамында теобромин бар: ұйықтататын әсері бар зат. Әсіресе, "үшеуі біреуінде" деген кофелерде теобромин көп. Мұндай кофені тіпті кей автомобильге жанармай құятын жерлерде сатуға тыйым салынған, себебі сергек жүремін деп ішкен жүргізушілер керісінше рөлде ұйықтап кететін болған", - дейді Созыкин.
Биолог кез келген сапасыз ерігіш кофеде әдетте хош иістендіргіштер мен дәм күшейткіштер болатынын айтты. Ал үшеуі біреуінде кофесі негізінен қант, түрлі өсімдік қосымшалары, хош иістендіргіштер және бояғыштардан тұрады. Сондықтан мұндай ерігіш және пакеттегі кофені жүйелі түрде ішетін адамдарда жаралы гастрит, асқазанның және аш ішектің жаралы ауруы, жедел және созылмалы пакреатиттің пайда болу қаупі артады.
Оқи отырыңыз: "Ащы тамақтың қатысы жоқ". Асқазан жарасы неден пайда болады?