- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биолог қысымды түсіруге...
Биолог қысымды түсіруге көмектесетін өнімдерді атады
Биолог Ирина Лялина "Известия"-ға қысымды түсіруге көмектесетін жеміс-жидектер мен көкөністерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қысымды түсіруге көмектесетін жемістер мен көкөністер бар. Оған ең алдымен калийге бай өнімдер жатады, мысалы, банан және асжапырақ (шпинат): бананда шамамен - 422 мг калий, ал асжапырақта 558 мг калий бар. Қан қысымы жоғары адамдар авокадоға да мән беруі керек. Оның құрамында да калий көп. Экзотикалық папайя мен кокос та қысымды қалыпқа келтіреді және түсіреді", - дейді ол.
Биологтың айтуынша, сондай-ақ қысымды қалыпқа келтіруге кей жидектер көмектеседі.
"Құлпынай, таңқурай және қарақат калий мен антоцианиндердің — флавонид компоненттерінің арқасында қысымның қалыпқа келуіне жақсы ықпал етеді. Олардың ішінде бірінші орында - қарақат. Долана, шетен, бөріжидек және бүргенге де назар аударған жөн", - деді Ирина Лялина.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова