Желіде түрлі әуенге билеген африкалық балалар хит болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде Masaka Kids Africana атауымен белгілі балалардың парақшасында 3,6 миллион оқырманы бар. Ал YouTube-тегі арналарында 2,98 миллион адам жазылған.
Instagram-да 8 шілдеде жариялаған видеолары 3,8 миллион лайк жинаған.
"Араларындағы біреуін ғана таңдап, "мынау күшті және мықты биші" деп бөліп-жару мүмкін емес", "Бәріңді жақсы көремін", "Қандай керемет балалар", - деп жазады Желідегілер.
Masaka Kids Africana - соғыс, аштық кезінде және түрлі ауру жұқтырып қайтыс болған бір не екі ата-анасынан айырылған 2 жастан асқан балаларды қамқорлығына алған Угандадағы қор. Балалар ерекше ырғақтағы әннің сүйемелдеуімен қайталанбас билерімен көптеген адамның жүрегін жаулап үлгерген.
Қордың арнайы сайты бар. Ол жерде кез келген адам бір доллардан бастап донат беріп, балалардың білім алып, азық-түлік пен киім сатып алуына көмек бере алады. Сонымен қатар, қордың арнайы дүкені де бар. Ол жерде түрлі киім-кешек пен ыдыстар сатып алуға болады.