Қырғызстанда билікті басып алмақ болды деп айыпталған кәсіпкер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қырғызстан ҰҚК-ға сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жүргізген жедел қауіпсіздік шараларының нәтижесінде 22 сәуірде Шу облысы Панфилов ауданы Қайыңды ауылында билікті күштеп басып алуға әрекеттенгені үшін іздеуде жүрген И.Ташов ұсталды.
И.Ташов Алматыдан Қара-Балта қаласына келе жатқан жолда Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, кейін билікті басып алу наразылық акциясын өткізуге күштерді біріктіру үшін уақытша штаб ұйымдастыруды жоспарлаған жерінен ұсталды.
Бұған дейін Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қырғыз Республикасының азаматы Ташов Имамидин Асамидиновичке коммерциялық немесе басқа ұйымдардың қызметкерлерін билікті күштеп басып алуға және билікті асыра пайдалануға шақырғаны үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған болатын.
Іздеуде жүрген И.Ташов билікті басып алу мақсатында халықты адастырып, әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде үгіттеген.
Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!