- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биік үйде тұратын...
Биік үйде тұратын алматылықтар жер сілкінісі кезінде білуі керек 10 ереже
Фото:
Tengrinews.kz
ТЖМ биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Дүрбелеңге түспеңіз, сабыр сақтаңыз;
- Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
- Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
- Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
- Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын-ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз;
- Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, бүгін сағат 10:14-те Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина