Шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі турнир кезінде алғаш рет ораза ұстағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл өмірімдегі ең қиын турнирлердің бірі болды. Турнир басталар алдындағы мәселелерге байланысты демалыссыз қатарынан 8 ойын өткізуіме тура келді. Бірінші рет турнир кезінде ораза ұстадым. Өкінішке қарай, ортасында ауырып қалдым", - деп жазды шахматшы Instagram-дағы парақшасында.
Бибісара Асаубаева турнирдің нәтижесіне разы екенін айтты.
"Жақында Астанада келесі турнир басталады, сондықтан демалуға уақыт жоқ. Отбасыма, жақындарыма және маған көмектескен, қолдаған барша жандарға рақмет, - деп жазды ол.
Еске салайық, Бибісара Асаубаева Делиде өткен әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңінде 2-орын алды.
Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!