Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдан кейін татуласқан сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Наурыздың аяғында қазақ спортшыларының арасында жанжал пайда болды. Бибісара Асаубаева Instagram әлеуметтік желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшіл деп кәсіпқойлығына қатысты қатаң айыптаған жазбасын жариялады. Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікке "тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс" деді.
Осы аптаның басында Астанада рапид және блиц түрлерінен шахматтан жарыс басталды. Шараға әлем әйелдер құрамасы мен Қазақстан әйелдер құрамасы қатысып жатыр.
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның менеджері әрі анасы Лиана Таңжарықова Instagram желісіндегі парақшасында Жансая мен Бибісараның топтық суретке түскен видеосын бөлісті. Бұл кезде қыздар қатарласып тұр әрі олардың көңіл күй көтеріңкі.
Желі қолданушылары шахматшылар ақыры татуласқанын алға тартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!