Бибісара Асаубаева Мәскеудегі жарыста топ жарды

Бибісара Асаубаева Мәскеудегі "Аэрофлот Опен 2024" шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!