Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) шахматшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық Бибісара Асаубаева қыздар арасында рапид және блиц категориялары бойынша рейтинг көшін бастады.
Қыздар арасындағы "блиц" категориясындағы үздік ондыққа Қазақстаннан 4 бірдей шахматшы енген.
Бибісара қыздар арасындағы стандартты шахмат рейтингінде 2-орында болса, әйелдер арасындағы үздік блиц шеберлері тізімінде 7-орында тұр.
Айта кетейік, Бибісара шілде айында Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған халықаралық турнирде бірінші орын алған болатын.