Контиолахти қаласында (Финляндия) биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Турнир аясында ерлер арасында жекелей жарыс өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жарыста Эндре Стремсхейм жеңіске жетті. Ал, Йоханнес Бе екінші орын алса, Стурла Холм Легрейд үшінші болып мәреге жетті. Үш биатлоншы да - Норвегия құрамасының өкілдері.
Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Владислав Киреев 87-орынға табан тіреді. Александр Мухин 90-орынға жайғасса, Кирилл Бауэр 94-орын алды, ал Әсет Дүйсенов 102-орынмен жарысты аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!