- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Би мен музыкалық...
Би мен музыкалық аспаптар: Өзбекстанда Тоқаевты қалай қарсы алды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі осы сәттің видео-суреттерін жариялады. Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Ал өзбектің ұлттық киімін киген қыз Мемлекет басшысына ұшақтан түскен бойда раушан гүлін сыйға тартты.
Оған қоса Өзбекстан туын ұстаған, ұлттық киім киген әйелдер де қарсы алу рәсіміне қатысты.
Үргеніш әуежайының аумағында үлкен кілемдер жайылды. Кілем үстінде ерлер мен әйелдер өзбек билерін биледі. Осы уақытта ғимараттардың бірінің төбесінде музыканттар карнай ұлттық аспабында ойнады.
Айта кетейік, сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова