"БИ-2" тобы Семейдегі концерттен түскен қаржыны Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Музыкалық кеш Семей қаласында өтті. Концерт басталмас бұрын әртістер көңіл айтып, концерттен түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ ниеттерін растады.
"Би-2" тобының солисі Лева Instagram-парақшасында қаражаттың аударылғаны туралы айтты.
"Бұл концертті өткізу іргелі болды, сондықтан ешқандай қаржылық пайда туралы сөз болған жоқ, тек гуманистік және барлық тараптарға құрметпен қараймыз".
"Семей, көп рақмет! Біз қайғылы жағдайдың құрбандарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық қаражат зардап шеккендерге көмек ретінде аударылды. Бізге бұл концерт көмек көрсетуден басқа, жанкүйерлерімізді ренжітпеу үшін өткізу маңызды болды. Сондықтан мұнда қандай да бір қаржылық пайда мәселесі болған жоқ, тек гуманистік және барлық тарапқа құрметпен қарау. Рақмет!" - деп жазған ол.
Еске салайық, "Би-2" тобы бұл шешімін елордада өткен концерт кезінде мәлімдеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!