Сүт өнімдерінің құрамындағы андрогендер ағзадағы қабынуды және безеудің санын арттыруы мүмкін. Бұл туралы дерматолог-дәрігер Андрей Кузнецов ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.руға" сілтеме жасап.
Безеу - бұл андрогендердің - еркектік жыныстық гормондарының деңгейінің жоғарылауы аясында дамитын май бездерінің ауруы. Май бездері тері секрециясын көбірек шығара бастайды, бұл Cutibacterium acnes бактерияларының көбеюіне, бездердің қабынуына және соның салдарынан терінің бөртпелеріне әкеп соқтырады.
"Кейбір зерттеулер безеудің сүт пен тәттіні көп тұтынумен байланысын анықтады. Сүт өнімдерінің құрамында андрогендер бар, бұл өз кезегінде қабынуды және безеудегі бөртпелердің санын арттыруы мүмкін, ал ұн мен тәтті тағамдар секілді гликемиялық индексі жоғары тағамдар – инсулин мен инсулинге ұқсас өсу факторының өндірісін арттырады, бұл май өндірісін арттырады және терінің қабынуының дамуына әкеп соқтырады", - деп түсіндірді.
Оның айтуынша, безеуді емдеу кезінде қатаң диетаны ұстанудың және әдеттегі тағаммен шектелудің қажеті жоқ, өйткені өнімдер тек жаңа бөртпелердің пайда болуына жанама әсер етуі мүмкін.
"Диета - бөртпелерді емдеу кезіндегі негізгі қағида болмауы керек, ол тек сауатты терапияға қосымша бола алады", - деді маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" жырындағы Баян образының жасалуы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз