- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Безеудің алдын алу...
Безеудің алдын алу жолдары
Әр адам бетінің таза болғанын қалайды. Алайда әртүрлі себептермен кей адамдардың бетіне безеу шығып кетеді. Жасөспірім кезде безеудің шығуын гормондармен байланыстырады. Алайда ол жасқа қарамайды: безеу 20, 30 және 40 жаста да шығады. Безеу әдетте беттегі ұсақ тесіктерге ластық немесе жұқпа түскен болса шығады. Ендеше, безеудің алдын алу үшін не істеу керек?
Макияж жағуға арналған қылқаламдар мен сорғыштарды жиі жуыңыз
Оларды аптасына 1 немесе 2 рет жуу ұсынылады. Себебі олардың бетіне бактериялар өте көп жиналады. Олар косметикамен араласып, теріге түседі. Олар дұрыс жуылу үшін қылқаламдарды 5 минутқа жылы суға салып қойыңыз. Содан соң сабынмен бір жуып, кебу үшін таза сүлгінің үстіне қойыңыз.
Косметиканы аузы жақсы жабылатын ыдыстарда сақтаңыз
Косметиканың ішіне ластық кірмес үшін оларды ауа өткізбейтін және аузы жақсы жабылатын ыдыстарда сақтаған дұрыс.
Ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеңіз
Ұялы телефонға көп ластық пен бактериялар жиналады. Ал сіз сөйлесу үшін оны бетіңізге тақайсыз. Сондықтан егер ұзақ сөйлесу керек болса, құлаққап қолданыңыз және ұялы телефонды жиі сүртіп тұрыңыз.
Косметикаңызды басқа біреуге қолдануға бермеңіз
Кейде құрбыңыз косметикасын үйінде ұмытып кетіп, сізден сұрауы мүмкін. Мұндай кезде көмектескенде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ басқа жағдайларда косметиканы басқаға бермеген жөн. Әйтпесе, косметика арқылы жұқпа жұғып, безеу шығып кету қаупі артады.
Алдымен шаш үлгісін жасап, содан соң бояныңыз
Шашқа арналған құралдар косметика жағылған бетке тисе, химиялық реакцияға түсіп, теріні тітіркендіруі мүмкін. Сол үшін алдымен шаш үлгісін жасап, содан соң бетіңізді тазартып алып, боянуға кіріскен жөн.
Косметиканы қолмен жақпауға тырысыңыз
Қолда және тырнақ астында бактерия болады. Сондықтан кремді саусақпен емес, мақта таяқшамен немесе арнайы қасықпен алған дұрыс.
Жібек жастыққап қолданыңыз
Мақта мата теріні зақымдайды, сондықтан жібектен тігілген жастыққап алыңыз.
Психосоматика: бетіңіздегі безеу қандай уайымыңыз бар екенінен хабар береді
А. Жапатова