Жалбыз қосылған шай безеуден арылуға көмектеседі. Бұл жайлы "Доктор Питер"-ге диетолог Елизавета Афинская айтты. Оның айтуынша, бұл сусын сондай-ақ андрогеннің жоғары деңгейімен байланысты белгілерді азайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде жалбыз шайына көптеген оң пікірлерді көруге болады. Қыздар бұл терінің тазаруына көмектеседі, безеуді кетіреді деп жазып жатыр. Жалбыз шайы андроген деңгейінің жоғарылауымен байланысты белгілерді азайтуы мүмкін: адамда безеу азаяды, - деп атап өтті маман.
Диетолог ғалымдардың адамдар мен жануарларға жүргізген зерттеулеріне назар аударды. Нәтижелерге сәйкес, жалбыз шайы антиандрогендік қасиетке ие және гормондардың деңгейін қалыпқа келтіреді. Кейбір әйелдерде лютеиндеуші және фолликулды ынталандыратын гормондардың жоғарылауы байқалды.
Алайда маман жалбыз шайын бүйрегі және бауыры ауыратын адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге ішпеуге кеңес берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!