- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бейсенбі күні тойымыз...
“Бейсенбі күні тойымыз болады“. Айқын Төлепберген үйлену тойына шақырды
Танымал әнші Айқын Төлепберген бейсенбі күні болатын тойына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол әйелі Жұлдыз Өмірғалимен бірге көлікте келе жатқан видеосын жариялап, той алдында арықтап, жасарып кеткенін айтты.
"Біз қазір түсірілімге бара жатырмыз. Менде жаңа имидж, көзілдірікпен жүрмін. Тәтем бар қасымда. Боянып алған, алтындарын киіп алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі күні тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер", – деді әнші желідегі парақшасында.
Осылайша, қонақтарды бейсенбі күні өтетін үйлену тойына ұмытпай келуге шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева