Бейнежазба тексерілгеннен кейін бір түлектің ҰБТ нәтижесі жойылған

Бейнежазба тексерілгеннен кейін бір түлектің ҰБТ нәтижесі жойылған
Фото: gov.kz

10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-ны 292 мыңға жуық түлек тапсырған. Талапкерлердің 72 пайызы тестті қазақ тілінде, 28 пайызы орыс тілінде, 469 адам ағылшын тілінде тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары балл жинаған кім?

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68 пайызы шекті балл жинаған.

Бес пән бойынша орташа балл - 64 балл. Ең жоғары нәтиже - 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинаған.

Қанша адам тесттен шеттетілді?

ҰБТ өткізілген алты аптада ереже бұзылған 624 жағдай анықталған. 385 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілген. Тағы 238 адам тест кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылған. Сонымен қатар, бейнежазбалар тексерілгеннен кейін ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылған.

Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбалар талданады. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу дерегі анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget