- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бейімдеу орталығында бала...
Бейімдеу орталығында бала зорланған: ШҚО-да қоғам белсенділері қыздарға жыныстық күш көрсетіліп жатқанын айтты
"ШҚО жетім балалар құқығын қорғау" қоғамдық қорының басшысы Александра Тахигова - Өскемендегі бейімдеу орталығында тәрбиеші қыздарға қырындап, жыныстық қатынасқа тартқанын алғаш естігендердің бірі. Қазір бұл мәселеге облыс басшылығы да назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғам белсендісіне жақында бірнеше жазба келіп түскен. Онда балалардың бірі болған жағдайды сипаттайды.
"Қысым көріп жүрген қыздардың бірінің жасы 12-де. Жазбада 30 жастағы тәрбиешінің темекі үшін қызды төсекке тартпақ болғаны айтылады. Тағы бір видеода екі қыздың әңгімесі анық естіледі. Соның бірі тәрбиешінің айтқанына көнген. Біздің қор сол видеоны балалар құқығы бойынша уәкілетті ресми сайтқа жіберді. Сондай-ақ, Анастасия Клемешова (қоғам белсендісі) жасөспірімдердің бірі Риддерден Өскемендегі "Кәмелеттік жасқа толмағанды бейімдеу орталығына" әкелгенде полиция қызметкерлері дөрекі әрекет еткенін айтты. Соның айғағы ретінде денесіндегі көгерген-қызарғандарды суретке түсіріп алды", - деді қор басшысы.
Кейін облыс, қала әкімдік өкілдері бұл жағдайға назар аудара бастады. Облыстағы балалар ісі бойынша уәкілетті Ақсана Қаленова кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты тиіс жұмысты бастап кеткен.
"Қазіргі мақсатымыз - осындай жайттың болған-болмағанын анықтау. Егер рас болса, жүйелі түрде іске асырылғаны бойынша тексеріс жүргіземіз. Бұл үшін құрамына білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және қоғам белсенділері кіретін жұмыс тобы құрылды", - деді Қаленова.
Бұл жайтқа қатысты іс қозғалды. Зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Бейімдеу орталығында 30-дан аса бала бар.
Осы жұмыс тобының құрамындағы облыстық Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның сөзінше, қыздарға күш көрсетті деген тәрбиешінің еңбек өтілі 10 жылдан асады. Бұған дейін жат әрекетімен көзге түспеген. Егер кінәсі дәлелденсе, қатаң жазаға тартылуы тиіс.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, кейін бұл орталықта осыған дейін болған қыздардан да аноним ақпараттар түсе бастаған.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек