“Бейкүнә адамды өлтіру - барша адамды өлтіргенмен тең“. ҚМДБ үндеу жасады

“Бейкүнә адамды өлтіру - барша адамды өлтіргенмен тең“. ҚМДБ үндеу жасады
Фото: pixabay.com

ҚМДБ кейінгі кезде қоғамда болып жатқан жантүршігерлік жайттарға қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мүфтият қазақстандықтарға бір-біріне қиянат жасауға болмайтынын еске салды.

"Соңғы кездері қоғамда болып жатқан түрлі қатыгездік оқиғалар бәрімізді қатты алаңдатып отыр. Оқушылардың жаппай төбелесі, жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиі қайталануы, тұрмыстық қақтығыстың соңы өлімге ұласуы сынды ауыр жағдайлар жанымызға қатты батып отыр. Шариғатымыз бойынша бейкүнә адамды өлтіру - барша адамды өлтіргенмен тең", - деп жазылған үндеуде.

ҚМДБ азаматтарды қатыгездікке жол бермеуге шақырып, қаралы үйлердің қайғысына ортақтасып, марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына тағы да көңіл айтты.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

“Қазақ болып күресеміз“. Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова