- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бейжіңдегі тілші "Қытайдағы...
Бейжіңдегі тілші "Қытайдағы төңкеріс" туралы қауесеттерге пікір білдірді
Ресейлік РИА Новости агенттігінің Бейжіңдегі тілшісі 24 қыркүйекте таңертең Интернетте пайда болған "Қытайда мемлекеттік төңкеріс болғаны және билік әскерилерге өткені" туралы қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің айтуынша, қазіргі уақытта Бейжіңде жағдай тыныш, қауіпсіздік шараларының күшейтілуі байқалмайды.
"Қытай астанасының тұрғындары "Алтын аптаға" - 1 қазанда атап өтілетін ҚХР-дың құрылуына 73 жыл толуына орай жеті күндік демалысқа белсенді дайындалып жатыр. Жыл сайын бүкіл елдің түкпір-түкпірінен көптеген турис келетін елдің басты алаңы – Тяньаньмэньде дәстүрлі "Гүлдер мен жемістер себеті" гүл композициясы орнатылып үлгерді", - деді журналист.
30 қыркүйекте Тяньаньмэнь алаңында ұлттық-революциялық күресте қаза тапқан батырларды еске алудың жыл сайынғы салтанатты рәсімі өтеді. Оған дәстүр бойынша ел мен Коммунистік партияның бүкіл басшылығы қатысады.
РИА Новости тілшісінің айтуынша, Бейжіңге проблемасыз кіріп, шығуға болады. Ұшақ пен пойыз билеттерін кез келген бағытта әдеттегідей сатып алуға болады, тек олар қымбат және тез сатылып кетеді, өйткені Қытай тұрғындары бұл аптада белсенді саяхаттайды. Телеарналар, ақпараттық агенттіктер, газет сайттары қалыпты режимде жұмыс істейді, әлеуметтік желілер жұмысында ешқандай іркілістер байқалмайды.
Бұған дейін интернетте Пекин әуежайында алты мың рейс тоқтатылды деген қауесет тарады. Бірақ шын мәнінде, "Фэйчанчжун" қосымшасының мәліметі бойынша, Шоуду әуежайында тек 491 рейс тоқталыған, Дасин әуежайында - 430. Тиісінше 332 және 278 борт ұшып шыққан.
"Қытайдағы рейстердің тоқтатылуы мен кешігуі әртүрлі себептерге байланысты тұрақты түрде болып тұрады - ауа райынан бастап эпидемиологиялық жағдайға дейін", - деді тілші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан