- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бейбіт Шүменов қолында...
Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды соққыға жыққан: полиция пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Бейбіт Шүменов Астанада қолында баласы бар адамды соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Астана Полиция департаменті өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, осы іске қатысты жәбірленуші арыз жазған.
"Мұндай дерек болғанын растаймыз. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс жүріп жатқаннан кейін оған қатысушылардың жеке басын айтуға құқығымыз жоқ. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Қандай шара қолданылатынын сот шешеді", - деді елордалық ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.
Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова