“Бейбіт күннің батыры“. Алакөлде арнайы жасақ қызметкері жігітті ажалдан арашалап қалды

Алакөлде арнайы жасақ қызметкері есінен танып қалған жігіттің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеп жүрген Абай облысы ПД арнайы жасақ қызметкерлері демалыс базаларының бірінің маңында кенет есінен танып қалған жігітті байқаған.

Оның жағдайы күрт нашарлап, тыныс алуы қиындаған. Жағдай шұғыл екенін ескерген ЖҚАЖ аға инспекторы Асланбек Әбделдинов уақыт оздырмай алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Кәсіби әрі жедел әрекеттің нәтижесінде жігіттің тыныс алуы қалпына келді. Осыдан кейін полиция капитаны жігітті қауіпсіз қалыпқа жатқызып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстаған.

"Осы уақытта арнайы бөлімшенің өзге қызметкерлері жедел жәрдем көлігін қарсы алып, медицина қызметкерлеріне оқиға орнына ең қысқа жолмен жетуге көмектесті. Жігіт медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!