Танымал әнші Бейбіт Қорғанмен аттас қазақстандық балуан Бейбіт Қорғанов әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды. Айта кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионаты Албания астанасы Тиранада өтіп жатыр. Жарыс 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында болады.
Еске салайық, алғашқы жарыс күні грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу бәсекелері өтті. Бұл күні Қазақстанның бірде-бір спортшысы жартылай финалға жете алмады. Жарысқа түскен 5 қазақстандықтың ішінде 60 келідегі Досжан Өтепқалиев ғана ширек финалға дейін күресті. Қалғандары ерте жеңіліп қалды.
Ал 97 келідегі Бейбітті жеңген армениялық Хайк Хлоян финалға дейін бәрін жеңіп шықты.
Айта кетейік, ертең жұбаныш белдесулер Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады. Ал 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейін салмақтағы іріктеуді сағат 17:00-де көре аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!