Бейбіт Жұқаев өзінің алғашқы ATP 250 жарысында жеңіліп қалды

Бейбіт Жұқаев Лос-Кабостағы (Мексика) ATP 250 сериясындағы турнирдің екінші кезеңіне шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші бірінші раундтағы тартысқа толы кездесуінде Беларусь өкілі Илья Ивашкодан (әлемнің 113-ракеткасы) 6:3, 3:6, 6:7 (5:7) есебімен жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 32 минутқа созылды.

Бейбіт Жұқаев тай-брейкте төрт матчболды қайтарып алды, бірақ өзі допты ойынға қосқанда жеңілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!