Бейбіт Жұқаев Challenger 75 турнирінің жартылай финалына шықты

Бейбіт Жұқаев Challenger 75 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы Челленджердегі жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемдік рейтингіде 256-орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалда канадалық Лиам Дракслерді (әлемнің 617-ракеткасы) 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бейбіт Жұқаев ертең жартылай финалда америкалық Майкл Чженмен (әлемнің 1118-ракеткасы) кездеседі.

Еске салайық, маусым айының басында Бейбіт өзінің мансабында алғаш рет америкалық Литл-Рокта "Челленджердің" финалына шықты, соның арқасында ол ATP әлемдік рейтингінде 256-сатыға көтерілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан