Косметолог Екатерина Черныш беттегі қара дақтарды кетіру кезінде ең жиі жіберілетін қателіктерді тізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ру" сілтеме жасап.
Бірінші қателік - бет терісін дұрыс тазаламау.
Маманның айтуынша, беттегі қара дақтарды кетіру үшін мейлінше маман дайындаған нұсқаулық ретімен әрекет ету керек. Әйтпесе, уақытыңыз бен жұмсаған қаражатыңыз ауаға кетіп, ешқандай нәтиже болмайды. Беттегі қара дақтардан зардап шегетін адамдар бетін күніне 1-2 рет майлы немесе аралас теріге арналған арнайы тазартқыштармен жууы керек. Ал аптасына 1-2 рет скраб қолданғаны жөн.
Екінші қателік - дұрыс емес тері күтімі және бет терісіне сәйкес келмейтін өнімдерді пайдалану.
"Майлы немесе аралас теріге арналған косметика құралдарын қолдану керек, өйткені қара нүктелер тері секрециясы артып, май бездері жұмысы жоғарылағанда пайда болады", - деп түсіндірді Екатерина Черныш.
Ал құрғақ теріге арналған косметика майдың бөлінуін күшейтіп, теріде комедон (қара нүктелі безеу) мен қабыну пайда болады. Дәрігер сөзінше, қара дақтарды кетіру үшін бет терісін ұзақ уақыт бойы дұрыс күту қажет.
Үшінші қателік - құрамында алкоголь бар заттарды қолдану.
Косметолог кейбір адамдар "құрамында алкоголь бар құралды қолдану май секрециясын азайтады" деп ойлайтынын айтты. Алайда маман мұндай деректі жоққа шығарып, керісінше, олар эпидерма қабығын жоятынын ескертті.
Төртінші және жиі кездесетін қателіктің бірі - қара дақтарды сығу.
"Бұл тәсіл теріні жарақаттап, қызыл дақтардың пайда болуына, тамырлы өрнектің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін", - деді дәрігер.
Ол бетке жеңіл пилинг жасап, теріні қара дақтарды тазалауға дайындау керегін ұсынды. Косметолог бұл тері тесігінің арасын тазартып, олардың біртіндеп тарылтады деп сендірді.
Бесінші қателік - дұрыс тамақтанбау.
Екатерина Черныш фаст-фуд, майлы және ащы тағамдар, сондай-ақ транс майларға бай, газдалған сусындар, тәтті және ашытқы өнімдерді тұтыну қара дақтарды көбейтіп, қоздыруы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін үй жағдайында беттегі қара дақтан қалай құтылуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза Айт күні қандай амалдар жасау керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз