- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бетті мұзбен сүрту"....
"Бетті мұзбен сүрту". Бет күтіміне қандай кеңестер қауіпті?
Бетіңізді мұзбен сүрту, оны ысқылап жуу және сутегі асқын тотығын пайдалану бет күтімі үшін пайдалы емес. Таза әрі әдемі теріні қаласаңыз, бет күтіміне арналған зиян әдептерден аулақ болыңыз. Womanhit әйелдер порталы бет терісіне қандай процедуралар қауіпті екенін айтты.
Қыста теріні ылғалдандыратын кремдерді қолданбаңыз
Көп адам суықта мұндай өнімдерге тыйым салынады деп ойлайды. Бұл таптаурын жақында пайда болса да, тез таралып кетті. Косметологтар мұны дұрыс емес деп санайды. Қыста да бет терісіне дұрыстап күтім жасау керек.
Тығыз ылғалдандыратын кремдер суық үшін қолайлы: олар теріге баяу сіңеді, бірақ теріге жақсы күтім жасайды.
Бетіңізді ысқылап жуыңыз
Бала кезімізден келе жатқан аңыз - бет терісін ысқылап жуу. Сондықтан көбі әлі күнге дейін бетке арналған арнайы тазалағыштан кейін де сабынмен тағы жуады. Осылайша, олар терінің қорғаныш гидролипид қабығын бұзады, сонымен қатар, микробиота да зардап шегеді.
Бетіңізді құрғатпайтын өнімдерді таңдаңыз: бетіңіз жуғаннан кейін тығыз немесе құрғақ болмауы керек.
Күтім өнімдерін жиі ауыстырыңыз
Кейбіреулер тері сұлулық өнімдеріне тез үйреніп кетпеуі үшін оларды жиі өзгерту керек деп санайды. Бұл бір жағынан дұрыс, жылына бір рет бет күтіміне арналған құралдарды өзгертуге болады. Бірақ оларды жиі ауыстырудың қажеті жоқ.
Бетіңізді мұзбен сүртіңіз
Көп косметолог мұндай процедураны ұсынады: ол теріні қатайтып, беттің ісінуін тоқтатады, күш береді, бірақ ол бәріне жарамайды. Егер бет тамырлар сезімтал болса немесе теріге тым жақын орналасса, мұзбен сүрту беттің жағдайын нашарлатып, розацеяға әкелуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек