Қызылорда облысында полиция үш жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылы 21 ақпанда кешкі уақытта бетперде таққан белгісіз адам Шымкент - Самара тасжолындағы жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, кассир мен күзетшіні қару-жарақпен қорқытып, ақша ұрлап кеткен.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Биыл қаңтарда Шиелі ауданының 25 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен қолдан жасалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Ер адам қамауға алынды", - деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының бөлім бастығы Оразбек Тәженов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!