"Бетінен ұрған". Алматы облысында әйел көршінің баласын байлап, қараусыз жерге апарған

Фото: Видео кадры

Желіде белгісіз әйелдің баланы байлап, қараусыз жерге апарғаны бейнеленген видео тарады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео заңгер Сәуле Бикитееваның Instagram-парақшасында пайда болды. Онда әйелдің баланың аузы мен қолын байлап, ешкім жоқ жерге апарғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, видеодағы әйел - баланың көршісі. 

"Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазды Зәкиева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек