Аустралия чемпионатының "Мельбурн Сити" мен "Мельбурн Виктория" арасындағы сегізінші тур матчі жанкүйерлердің тәртіпсіздігінен тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойынның 22-минутында "Мельбурн Сити" 1:0 есебімен ұтып жатқан болатын, осы кезде жанкүйерлер алаңға шығып кетіп, алаң қожайындарының қақпашысы Том Гловердің бетінен ұнтақ тола шелекпен ұрған. Осыдан кейін төреші матчті тоқтатып, командаларды алаңнан алып шығып кетті.
Видеодан байқағаныңыздай, жанүйерлерді Гловердің алаңға түскен файерді кейін лақтырғаны ашуландырған болуы керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!