- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бетіңе күліп қарап,...
"Бетіңе күліп қарап, артыңа пышақ сұғады". Ескендір Сергебай мемлекеттік қызметтен неге кеткенін айтты
"Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасының жүргізушісі Ескендір Сергебай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында мемлекеттік қызметтен не үшін кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 2017 жылға дейін Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
"Мемлекеттік қызметте көре алмаушылық, сатқындық көп кездеседі екен. Бетіңе қарап тұрып, артыңа пышақ ұра салу оп-оңай болады екен. Карьера үшін бір адамның отбасын бұзу оп-оңай нәрсе екен. Жақын адамыңның теріс айналғанын көріп, ойланып қалады екенсің. Жақын адамыңмен болып жатқан сынақ ер адамға қатты білінеді екен. Сағым сынды деп айтпаймын. Алланың әлі берері көп деп ойлаймын", - деді ол.
Сондай-ақ, жұмыстан өз еркімен шығып кеткенін атап өтті.
"Мемлекеттік қызметтен өз еркіммен шығып кеттім. Бұл мемлекеттік қызмет бағым емес дер едім. Ол кезде шаршап жүрген едім. Ажырасу кезі болатын. Бірақ қайта шақырса барар едім", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы