Бетін жасыру үшін ниқаб киген: Ақтөбеде сауда үйіндегі ұрлық видеоға түсіп қалды

Бетін жасыру үшін ниқаб киген: Ақтөбеде сауда үйіндегі ұрлық видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде сауда үйлерінің бірінен қымбат ұялы телефондарды ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында ұрлыққа қатысы бар екі қыз қылмыс жасау кезінде бетін толық жауып тұратын киім кигені анықталған. Бұл оларды табуда қиындық туғызған.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар Ақтөбе қаласының екі тұрғыны болып шықты.

"Тергеу барысында күдіктілер өз кінәсін мойындап, қымбат смартфондарды сатып, оңай жолмен ақша табуды көздегенін айтты. Сондай-ақ, олар бетін бейнебақылау камералары арқылы танылмау үшін жапқанын, бұл әрекеттің діни ұстаныммен ешқандай байланысы жоқ екенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда бет жүзді тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget